logo
search
menu

Көк туды әлі-ақ желбіретеміз: Жәнібек Әлімханұлы Головкин жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады

Көк туды әлі-ақ желбіретеміз: Жәнібек Әлімханұлы Головкин жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады
20 қыркүйек, 2022
Көк туды әлі-ақ желбіретеміз: Жәнібек Әлімханұлы Головкин жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (58-2-2, 39 КО) жекпе-жегінен кейін өз инстаграм парақшасына мәлімдеме жасады деп хабарлайды Taulik.kz. 
    «Біз бармыз, ағайын! Qazaq style бар! Еңселеріңізді түсірмеңіздер! Әлемдік аренада талай мықтыларды құлатып, көк Туды желбіретеміз, бұйыртса! Біз ешкімнен қорықпаймыз! Бізден қорқады! Біз қауіпті қарсыласпыз! Бокстағы менмін деп жүргендер бізбен шықпас үшін әлі талай сылтау айтады! Біз өз жолымызды салдық. Өз стилімізді жаһанға көрсеттік! Орта салмақтың чемпионы болдық. Бұйыртса қараша айында алғаш рет чемпиондық титулымызды қорғаймыз! Жеңісті күнде жолығайық!» – деп жазды боксшы. 

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы