logo
search
menu

Сасықкөлдің атауы Мәриямкөл болып өзгерді

Сасықкөлдің атауы Мәриямкөл болып өзгерді
20 қыркүйек, 2022
Сасықкөлдің атауы Мәриямкөл болып өзгерді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Сасықкөлдің атауы Мәриямкөл болып өзгерді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Forbes.kz сайтына сілтеме жасап. Үкіметінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі қаулысымен Солтүстік Қазақстан облысындағы көлдердің бірінің атауы өзгерді. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округінің аумағында орналасқан Сасықкөл көлінің атауы Мәриямкөл көлі болып өзгертілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» – делінген құжатта. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда төрт бірдей көл «Сасықкөл» деп аталса, оның екеуі Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан.                                                                                                                                                   Taulik.kz
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы