logo
search
menu

Тоқаев Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті

Тоқаев Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті
21 қыркүйек, 2022
Тоқаев Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Тараптар саяси диалогты дамытуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қараша айында Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың барысына көңілдері толатынын атап өтті. Мемлекет басшысы Шарль Мишельді Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңестің Президенті тұрақты байланыс орнатуға келісті. Қазақстан Президенті кездесу соңында Шарль Мишельді елімізге сапармен келуге шақырды.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы