ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында "Әл-Бахр" сарайында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, - деп хабарлайды Taulik.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. Премьер-министр биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді.
"Біз өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық салаларында кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктеріне Қазақстанның халықаралық бастамаларын әрдайым тұрақты түрде қолдап отырғаны үшін алғыс айтамыз", - деді Әлихан Смайылов.

"Мен екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттарын толық қолдаймын", - деп атап өткен БАӘ Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ыстық ықыласы мен шынайы тілегін жеткізді.
Taulik.kz