Шардара: су, жол, мектеп жоқ!

Шардара: су, жол, мектеп жоқ!

ашық дереккөзі

Шардара қаласы №4 мөлтек аудан тұрғындары 10 жылдан астам тіршілік нәрінен қағылып отыр.  Аталмыш мөлтек ауданда мұнан өзге қоғамдық көлік пен жол мәселесі де шешімін таппаған. Балалар білім алатын мектепте жоқ. Оқушылар көрші ауылға қатынап оқуға мәжбүр. Олардың сөзінше, әкімшілік қызметкерлері мәселені әні-міне шешіп береміз деп жылда бір уәдені береді екен. «Бірінші шілдеді суды шешіп береміз деді ол да жоқ болды. Көлік мәселесін шешіп береміз деді ол да жоқ болды», - дейді Гүлназ есімді қала тұрғыны. Аудан басшылығы болса мәселені 1 қазаннан бастап қолға аламыз, шешіп береміз деп уәдесін берді. «Біз республикадан қаржы сұрғанбыз, онымен болмады...Біз үш жылдай күттік. Биыл бюджеттен ақша бөлінді, қазір мемлекеттен сатып алу жұмыстары толық аяқталды. Бірінші қазаннан бастап мердігер компания жұмысын бастайды», - деді Шардара ауданы әкімінің орынбасары Нұрмахан Сапаров.

                                                                                                                                             Taulik.kz

Loading...