«Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың Ресейді жартылай мобилизациялау туралы ұсынысын қолдаймын. Әскери қызметке, ең алдымен, Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен, белгілі бір әскери мамандықты игерген және тәжірибелі азаматтар шақырылады», — деді ол.Путиннің айтуынша, әскерге шақырылғандар бөлімге жіберілмес бұрын арнайы әскери операцияның тәжірибесін ескере отырып, қосымша әскери дайындықтан өтеді. Бұл туралы Жарлыққа қол қойылды. Жұмылдыру шаралары 21 қыркүйектен басталады.
Taulik.kz