Таразда қала шетінен қару-жарақ сақталған қойма табылды
Таразда қала шетінен қару-жарақ сақталған қойма табылды
21 қыркүйек, 2022

Мазмұны
Таразда қала шетінен қару-жарақ сақталған қойма табылды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Қаңтарда қолды болған суық қаруларды әлдебіреулер арнайы жасырып кеткен. Өңірде жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда. Тәртіп сақшылары қала маңын тінту барысында күдікті қапты тапқан. Ішінен 2 калашников автоматы, пышақты мылтық, газ тапаншасы, жарылғыш граната мен 200-ге жуық патрон және полиция қызметкерлерінің қорғаныс құралдары тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.
Taulik.kz

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы