Мәзір
21 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Түркістан облысының халқы мал жаятын жер таппай отыр

Түркістан облысының халқы мал жаятын жер таппай отыр

Түркістан облысының халқы мал жаятын жер таппай отыр Түркістан облысының халқы мал жаятын жер таппай отыр
ашық дереккөзі
Түркістан облысының халқы мал жаятын жер таппай отыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. Түркістан облысы Қарабастау ауылында жайылым жердің жоқтығынан төрт түлік асфальт жолда иіріліп жүр. Маңайдағы жерді қолынан келгендер иемденіп алып, айналаны қоршап тастаған. Мал ұстап, ағарған ішіп, артылғанын сатып күнелтіп келген жұрт не істерін білмей дал. «Топырақ жеп жатыр. Ағаштың жапырақтарын түсіріп береміз. Арқандаймыз. Бақшамыз таусылған соң малымызға қысқа деп жинаған шөптерімізді беріп жатырмыз», - дейді ауыл тұрғыны Гүләйхан Исахова. Аудандағы жер қатынастары бөлімінің басшысы бұл жәйттен мүлдем бейхабар болып шықты. Енді облыстағы құзырлы департаментпен тексеру жүргізіп көрмек. «Нақты айтқанда бұл жерде 5-6 жер бар. Солардың жерін тексереміз. Бұл кісілер айтып жатыр заңсыз алған деп. Департаментпен тексеріп, заңсыздықтар шықса сот арқылы қайтарамыз», - деді Қазығұрт ауданы Жер қатынастары бөлімінің басшысы Сәбит Әлсейітов. Қазығұрт ауданы бойынша заңсыз берілген немесе игерусіз жатқан 41 мың гектардай жер бар. Биыл соның 3 жарым мыңын қайтарып алу көзделіп отыр. Оның дені Қарабастау елді мекені қарайтын ауыл округінде. Бірақ жұртқа бұдан үлес тие ме, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз.                                                                                                                                                 Taulik.kz

Апта талқысында: