Бұл тізім Ресей Федерациясының азаматтығы мен паспорты, шетелге шығатын паспорты бар, бірақ визасы жоқ адамдарға арналады, деп жазады Taulik.kz сайты meduzapro басылымына сілтеме жасап.
Егер шетелге шығатын паспорты болмаса, қайда баруға болады (қанша уақыт сол елде қалуға рұқсат етілген):
Армения (180 күн)
Беларусь (90 күн, бұл елде болғандағы қауіп туралы ұмытпаңыз)
Қырғызстан (30 күн, тұрғылықты мекенжайға тіркелу арқылы 6 ай)
Қазақстан (30 күн тіркелмей-ақ, 60 күн тұрғылықты мекенжайға тіркелу арқылы тұруға болады).
Егер шетелге шығатын паспорты болып, алайда визасы болмаса, қайда баруға болады (қанша уақыт сол елде қалуға рұқсат етілген):
Грузия (360 күн)
Мексика (180 күн, электронды виза қажет)
Мысыр (90 күн, электронды виза қажет)
Израиль (90 күн)
Молдова (90 күн)
Әзірбайжан (90 күн)
Тәжікстан (90 күн)
Аргентина (90 күн)
Бразилия (90 күн)
Уругвай (90 күн)
БАӘ (90 күн)
Чили (90 күн)
Коста-Рика (90 күн)
Оңтүстік Африка Республикасы (90 күн)
Марокко (90 күн)
Перу (90 күн)
Эквадор (90 күн)
Катар (90 күн)
Түркия (60 күн)
Өзбекстан (60 күн)
Маврикий (60 күн)
Кабо-Верде (60 күн)
Оңтүстік Корея (60 күн, электронды виза қажет)
Таиланд (2023 жылдың 31 наурызына дейін 45 күн, одан кейін 30 күн)
Черногория (30 күн)
Үндістан (электронды визаны 30 күннен 5 жылға дейін рәсімдеу қажет)
Индонезия (30 күн)
Малайзия (30 күн)
Шри-Ланка (30 күн, электронды виза қажет)
Маңғолия (30 күн)
Камбоджа (электронды виза бойынша 30 күн)
Лаос (30 күн)
Доминикана (30 күн)
Сербия (30 күн)
Вьетнам (елде визасыз 15 күн өмір сүруге болады, одан кейін 90 күнге жарамды виза рәсімдеу қажет).
Билет бар ма?
Путин мемлекетте жартылай мобилизациялау басталды дегеннен кейін, Ресейден басқа бағытқа шығатын әуе билеттерінің бағасы күрт өскен. Кей бағыттар бойынша алдағы бірнеше күнге тікелей рейстерге билет жоқ, алайда басқа қала арқылы ұшуға болады.
Оларды шекарадан өткізе ме?
Резервте тұрғандарға Ресейден шығуға шынымен тыйым салынуы мүмкін, алайда ол шақыру қағазын алғаннан кейін ғана жүзеге асады. Әскери есепте тұрған адамдарға мұндай шектеулер «Мобилизациялау дайындығы туралы» Заңның 21-бабында қарастырылған. Оларға заң бойынша «тұрғылықты жерінен әскери комиссариаттардың рұқсатынсыз кетуге» тыйым салынған.
Айта кетейік, мобилизациялау туралы толық мәлімет берілмеген, оның нақты қалай ұйымдастырылатыны әлі белгісіз.
Taulik.kz