logo
search
menu

Президенттікке үміткерлерді ұсыну қашан басталады?

Президенттікке үміткерлерді ұсыну қашан басталады?
22 қыркүйек, 2022
Президенттікке үміткерлерді ұсыну қашан басталады?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстан президенттігіне үміткерлерді ұсыну 23 қыркүйекте басталады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлім етті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
    «Өздеріңіз білетіндей, кеше Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойылды. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Бүгінде ол «Казахстанская правда» мен «Егемен Қазақстанда» жарияланады. Яғни бүгіннен бастап қаулы күшіне енді. Президенттікке кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні, яғни 23 қыркүйектен басталып, биылғы 11 қазанында сағат 18:00-де аяқталуға тиіс», - деді ол.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы