Зеленский: Мен Ердоғанға ризамын

Зеленский: Мен Ердоғанға ризамын

ашық дереккөзі

Зеленский Ердоғанға 215 украиналық  сарбаз үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Украина президенті Владимир Зеленский президент Режеп Тайып Ердоғанға Түркияның делдалдығы арқылы Ресеймен тұтқындар алмасқаннан кейін, елге оралған 215 украиналық сарбаз үшін алғысын айтып, өзінің ризашылығын жеткізді. Айта кетейік бүгін Мәскеу мен Киев әскери тұтқындармен алмасты. Ресей биыл Мариуполь қаласында шайқаста тұтқынға берілген 215 украиналық сарбазды босатты. Олардың арасында «Азов» батальонының командирі Денис Прокопенко, оның орынбасары Святослав Паламарь және Жаяу-теңіз әскері 36 бригадасының командирі Сергей Волынский бар. Ал Украина тарапы Ресейдің қолға түскен 55 жауынгері мен оппозициялық саясаткер Виктор Медведчукты берді.                                                                                                                                                     Taulik.kz

Loading...