Әділет министрі пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді

Әділет министрі пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді

ашық дереккөзі

Бүгін Қытай соты елдің бұрынғы әділет министрі Фу Чжэнхуаны екі жылға шартты түрде өлім жазасына кесу туралы шешім шығарды, деп хабарлады Қытай орталық телеарнасы. Бейсенбі күні Цзилинь провинциясы Чанчунь қаласының орташа деңгейдегі халық соты Қытай Халық Республикасының бұрынғы Әділет министрі, Қытай Халық Республикасы қоғамдық қауіпсіздік министрінің бұрынғы орынбасары Фу Чжэнхуаға сыбайлас жемқорлық ісі бойынша үкім жариялады.  «Фу Чжэнхуа пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді, жаза екі жылға кейінге қалдырылған», - делінген хабарламада. Сот Фу Чжэнхуа өзінің лауазымын пайдаланып жеке басының пайдасы үшін пара алғанын, жеке тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасағанын және «інісінің ауыр қылмыстары туралы айғақтарды жасырғанын» анықтады. Атап айтқанда, тергеу деректері бойынша, Фу Чжэнхуа 117 миллион юаньнан астам (шамамен 16,5 миллион доллар) пара алған. Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінгені, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған қаражатты қайтарғаны белгілі болды.  Сот екі жылдан кейін өлім жазасын шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін деп шешті. Айта кетейік, Фу Чжэнхуа 2013-2018 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі басшысының орынбасары, 2018-2020 жылдары Әділет министрі қызметін атқарған. 2021 жылдың қазан айында Қытай Коммунистік партиясының тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссиясы Фу Чжэнхуаға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен тергеу бастады.

Loading...