Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайындалуға шақырды

Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайындалуға шақырды

ашық дереккөзі

Биылғы жылды «соғыс жылы» деп атауға болады. Әлем Украинадағы Ресейдің агрессиясын тоқтатуға тырысып жатқан кезде, басқа елдер арасында жаңа шиеленістер күшейе түсуде. Кеше ҚХР басшысы Си Цзиньпин елдің әскери күштерін соғыс қимылдарына дайындық жасауға шақырды, бұл жаңа алаңдаушылық тудырды,  деп хабарлайды  Taulik.kz сайты. Қытай басшысы бұл мәлімдемені Бейжіңдегі Ұлттық қорғаныс және әскери реформа конференциясында жасады. «Реформалардың сәтті тәжірибесін саналы түрде қорытындылап қолдануға, жаңа жағдайға ие болуға және міндеттердің талаптарын түсінуге, соғыс қимылдарының  дайындығына назар аударуға, сонымен қатар зерттеу мен жаңашылдыққа батылдық қажет», - деді Си Цзиньпин. ҚХР Төрағасының бұйрығы Тайвань төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуі және АҚШ-пен дипломатиялық қатынастардың нашарлауы аясында айтылды. Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Штаттар Тайваньды Қытайдан тәуелсіздік алуға шақырмайды, бірақ Америка әскери қақтығыс басталған жағдайда Тайваньды қорғайды, -деген мәлімдеме жасаған болатын. Айта кетейік, Қытай армиясы бүгінде әлемдегі ең үлкен армия болып табылады. Оның қатарында 2 миллион 300 мың әскери қызметші бар, бұл ҚХР халқының тек 0,18% құрайды.                                                                                                                                            Taulik.kz

Loading...