Шымкент: 1-курс студенті көз жұмды

Шымкент: 1-курс студенті көз жұмды

ашық дереккөзі

Шымкент қаласының полиция департаменті 1  - курс студентінің қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады Polisia.kz. Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні болған. Жедел жәрдем қызметкерлері мәйіттің жатақханада табылғаны туралы полицияға хабарлаған. Куәгерлердің айтуынша, колледждің 1-курс оқушысы екі студентпен ерегесіп, жанжалдан кейін көз жұмған. Олардың бірі жігіттің кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрғаны белгілі болған. Нәтижесінде оның жағдайы күрт нашарлап, жігіт жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Шымкент қаласының білім басқармасы хабарлағандай, көз жұмған студент небәрі 15 жаста екен. Ол Түлкібас ауданынан келіп, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжіне "Цифрлық техника" мамандығы бойынша оқуға түскен. Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Loading...