«Әйелім жұмыстан келе сала «шаршадым, мүмкін о дүниеде демалатын шығармын» деп кездейсоқ айтып қалды. Ол кезде жасы 20-да ғана. Келесі күні екеуміз жол апатына түстік. Мен тірі қалып, ол қайтыс болды», – деп жазады Сергиев Посадтан келген Григорий Доронин. «Өткен жазда күйеуіммен ата-анамның жанында біраз уақыт болу үшін өзім туып-өскен қалаға келдік. Бір күні балконда Еділге қарап тұрған ол: «Менің осында өлетініме сенесің бе?» деп сұрады. Бұл сұраққа таң қалдым, өйткені күйеуімнің дені сап-сау. Алайда ол бірнеше аптадан кейін кенеттен жүрек ауруынан қайтыс болды», – делінген Самаралық оқырман Инна П. хатында.Мұндай мысалдар көп. Уильям Грин, Стефан Голдстейн және Алекс Мосс атты америкалық дәрігерлер өлім құбылысын зерттеп, қайтыс болған мыңдаған науқастардың медициналық кітапшасын ақтарып шығады. Олардың мәліметінше, адамдардың көпшілігі өлетінін алдын-ала болжаған. Олардың алдын-ала болжам жасауы ерекше психологиялық жағдайда және көбіне бітпей қалған істерін ретке келтіруге ұмтылу болды. Өлетін уақыттан алдын адамдардың көбі бір аптадан алты айға дейін созылатын депрессияға ұшырайтыны анықталды. Дәрігерлердің болжамына қарағанда, бұл сезім ағзадағы гормоналды өзгерістердің әсерінен туындайды. Ал психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, себепсіз күйзеліс орталық жүйке жүйесін өмірден өтуге дайындау екен. Зерттеушілердің пікірінше, өлім — сананың өмірдің басқа түріне ауысуы. Әйтпесе, денеге «психологиялық дайындық» не үшін қажет? Адамдар өлетініне қалай болжам жасайды? Бұл қайдан шыққан түсінік? Аталмыш сұраққа «тибеттік өлілер кітабы» жауап береді. Шығыстың наным-сеніміне сәйкес, адам материяның екі түрінен құралады: тығыз және жұқа материя. Тығыз материя адамның физикалық денесін құрайды. Ал жұқа материя оның рухын, жанын құрайды. Өлім - жұқа денені физикалық денеден бөліп алу. Оның өзіндік аурасы бар, оны көріпкелдер көре алады. Бұл аура адам денсаулығының қандай күйде екенін анықтауға мүмкіндік береді. Мамандар ауродиагностиканы психикалық емдеуде бұрыннан қолданып келеді. Астральды көру қабілеті бар адамдар аураны сезіну арқылы адамның өлімін болжай алады. Адамға неліктен мұндай қорқынышты ескерту беріледі? Бұл сигнал арқылы табиғат қандай мағына береді? Осыған байланысты қызық болжам бар. Ғалымдар зерттеулерде анықталған фактіні бұрыннан біледі. Факті бойынша тірі ағзадағы жасушалар өлер алдын радиоактивті сәулелердің шығарылуын қамтамасыз етеді. Поляк физик Януш Славинскийдің айтуынша, толқындардың бұл ағымы табиғатта өте күшті бола отырып, өліп жатқан тіршілік иесінің өмірі туралы ақпаратты, соның ішінде санасы мен есте сақтау қабілеттерін сақтай алады. Өліп жатқан жасушалардың соңғы сигнал берудегі негізгі мақсаты осы емес пе?
Taulik.kz