Нидерланды премьер-министрі: Украинадағы соғыс – бұл біздің соғыс!

Нидерланды премьер-министрі: Украинадағы соғыс – бұл біздің соғыс!

ашық дереккөзі

Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте Парламентте Ресей – Украина соғысы туралы сөз қозғады.  Ол өз сөзінде «Украинадағы соғыс-бұл біздің соғыс» деді,  бұл туралы Taulik.kz сайты хабарлады. Ресей соғыста жеңіске жетпеуі керек екенін айтқан Рютте: «Бұл біздің соғыс! Мен Ресеймен тікелей соғысамыз деп жатқаным жоқ, бірақ бұл соғыста Украинаның жеңіске жету үшін біз барлық жағынан көмектесуіміз керек. Біз мұны Украина үшін емес, өзіміз үшін жасаймыз»,- деді ол. Сонымен қатар, Путин Ұлы Ресей империясын қайта құрғысы келетіндігін де тілге тиек етті Рютте.  «Путин Ұлы Ресей империясын қайта құрғысы келеді. Бұл соғыс Украинамен аяқталмайды. Украинадан кейін оның келесі құрбан кім? Көрші елдер ме? Бізге де кезек келуі мүмкін...», - деді ол. Рютте Ресейге қарсы санкциялардың салдары Нидерланды еліне де әсер еткенін жоққа шығармайды, бірақ   Ресейден арзан газды қайтадан алу үшін санкцияларды қолдаудан бас тартпайтынын, бұл бопсалауды мойындағанмен  бірдей екенін айтты.                                                                                                                                                          Taulik.kz

Loading...