Мәзір
23 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қырғызстан Тәжікстанды ҰҚШҰ-дан шығаруды ұсынады

Қырғызстан Тәжікстанды ҰҚШҰ-дан шығаруды ұсынады

Қырғызстан Тәжікстанды ҰҚШҰ-дан шығаруды ұсынады Қырғызстан Тәжікстанды ҰҚШҰ-дан шығаруды ұсынады
ашық дереккөзі
Қырғызстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) жарғысын қайта қарап,  басқа одақтас елге күш қолданатын мемлекетті алып тастау қажеттігін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz  сайты. Бұл жерде ҰҚШҰ-ға Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения, Тәжікстан және Ресей Федерациясы кіретінін атап өту қажет. «ҰҚШҰ елдері арасында туындайтын барлық мәселелер бейбіт жолмен шешілетіндей  ереже енгізу қажет. Егер біреу проблемаларды күшпен шешуге оқталса, біз оны ұйымнан шығаруды ұсынамыз. Бір - біріне қауіп төндіретін жағдайларды болдырмау үшін ҰҚШҰ жарғысының кейбір бөліктерін қайта қарайтын кез келді», - деді Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов. ҰҚШҰ жарғысында мүше елдер арасындағы дауларды реттейтін ешқандай пункт қарастырылмағаны белгілі болды. Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс болды. Сол күні Тәжікстанның әскери күші Қырғызстан аумағына басып кіріп, бейбіт нысандарға оқ жаудырып, туларын желбіреткен болатын.                                                                                                                                                       Taulik.kz

Апта талқысында: