Ет жейтін ерлерге ұрпақ жалғастыруға тыйым салынуы мүмкін

Ет жейтін ерлерге ұрпақ жалғастыруға тыйым салынуы мүмкін

ашық дереккөзі

Жануарларға адамгершілік танытуды қолдайтын PETA ұйымы күтпеген ұсыныс жасады. Олар ет жейтін ер адамдарға ұрпақ таратуға тыйым салу туралы айтып отыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап. Олардың пікірінше, ет жейтін адамдар жер ғаламшарын жойып жіберуі мүмкін. Сондықтан оларға көбеюдің қажеті жоқ. Ұйымның мәлімдемесінде әр неміс орта есеппен өмір бойы шамамен 1,5 мың жануар жейді деген статистика бар. Алайда жануарларды қорғаушылардың ашуын тудырып тұрған ет жейтін ер адамдар ғана емес, балалар да екен. Жалпы әлемдегі балалар, әлі туылмаған ана құрсағында жатқан сәбилер. Себебі мынада:

«Әрбір туылмаған бала жылына 58,6 тонна СО2 шығарындыларын үнемдейді», - делінген ұйымның баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, PETA ұйымының пікірінше, ет жейтін ер адамдарға жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салу – планетамыздың жақсы күйде сақталуына әсер етуі мүмкін.

Taulik.kz

Loading...