«Маған ең ұнағаны – сіздің менімен шешен тілінде амандасқаныңыз. Осы үшін Қадыров сондай мәлімдеме жасап отыр. Бұл оның тарапынан жасалып жатқан алғашқы қастандық емес. Бұл олардың қазіргі уақытта Украинадағы жағдайға байланысты өздерін қоярға жер таппай жатқанын көрсетеді. Біздің Украинадағы Ресейге қарсы соғысқа қатысуымыз – шешен рухының сынбағанының, олардың бостандық пен тәуелсіздіктен бас тартпағанының көрсеткіші. Мұны бәрі түсініп отыр. Сондықтан олар осындай мәлімдемелер жасайды. Біз тірі тұрғанда, олар бейбіт өмір сүре алмайды. Ал біз бұл режим біткенше, ұзақ әрі мәңгі өмір сүреміз, – деді Закаев.Сонымен қатар ол «Шешенстанда митинг болуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.
«Ресейде әйелдердің митингіге шығуы – Путин қабылдаған шешімнің, мобилизациялаудың Ресей қоғамына қалай әсер етіп жатқанының көрінісі болып тұр. Жаңа жарлық елді дүрліктіріп, қоғамдық бұлқыныс тудыруы мүмкін. Бүгінгі күнге дейін Ресей халқы теледидардан немесе басқа да БАҚ-тан Украинадағы ахуал өздеріне әсер етпейді деген ақпарат алған болса, кешеден бері тұтас халық бұл соғыстың әр үйдің есігін қағып келетінін түсінді. Путиннің күллі адамзатқа, соның ішінде Ресейге қауіп төндіруші адам екенін бәрі білді. Ол бұл мемлекет бұдан былай болмауы үшін бәрін істеп жатыр. Ендігі жерде жағдай Ресейдегі халықтың елдегі оқиғаларға қалай реакция білдіретініне байланысты өрбиді. Менің ойымша, Путин кешегі мобилизациялау туралы жарлығы арқылы азаматтық соғыстың басталуына жол ашып берген секілді», – деді саясаткер.
Taulik.kz