Қазақстанда аутизммен ауыратын балалардың саны неліктен көбейіп жатыр?

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалардың саны неліктен көбейіп жатыр?

ашық дереккөзі

«Асыл Мирас» аутизм орталығының жетекшісі Альмира Калимова Қазақстанда жыл сайын аутистік спектрдің бұзылуы (АСБ) бар балалардың саны неге өсіп келе жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

«Аутистік спектрдің бұзылуы бар балалар санының өсуі диагностикалық құралдардың жақсаруын және ата-аналар мен медициналық қызметкерлер арасындағы байланыстың жақсы болуын қамтамасыз етіп отыр. Адамға бұл диагнозды ерте қою жақсы нәтижеге жол ашады. Оның нәтижесінде балалардың өскеннен кейін тәуелсіз әрі толыққанды өмір сүруге мүмкіндігі артады», – дейді Альмира Калимова.
Оның айтуынша, Қазақстанда АСБ таралуы бойынша нақты деректер жоқ, дегенмен халықаралық статистикаға сүйенуге болады. АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының 2016 жылғы мәліметтері бойынша, Штаттарда 54 баланың бірінде АСБ белгілері бар, ал Жапонияда – 55 баланың бірі, Оңтүстік Кореяда – 38 баланың бірі, Гонконгта – 27 баланың бірі осы дертке шалдыққан. Аутизм спектрінің бұзылуының алғашқы белгілерін ата-аналар бір жасқа дейінгі балаларынан мына белгілер арқылы байқай алады: – адамның көзіне тіке қарамауы; – баланың атын айтып шақырғанда, ата-ананың күлімсіреп тіл қатқанына жауап бермеуі; – бір нәрсені нұсқай алмауы. Сонымен қатар екі жасқа қарай АСБ бар балалардың ата-аналарының 90%-ы баланың бойынан осы белгілерді көреді: – баланың сөйлемеуі; – қарапайым нұсқауларды орындай алмауы; – өзімен қатар балалармен, отбасындағылармен араласып кете алмауы; – біртүрлі ойындарды ойнауы - машинаның дөңгелегін айналдыру, заттарды қатарға немесе түске бөлу; – саусақтарын бір—бірімен қайыстыру, бір орында секіру секілді қайталанатын қозғалыстар, бір қабырғадан екінші қабырғаға немесе шеңбер бойымен жүгіру, аяғының ұшымен жүру және т.б. белгілер болады.
«Алматыдағы «Асыл Мирас» орталығында жеті жыл ішінде 2937 бала диагностикадан өтіп, оның арасындағы 2463 (84%) балаға осы диагноз қойылды. Сонымен қатар осы уақытқа дейін 1659 бала көмек көрсету бағдарламасын аяқтады. Бүгінгі күні орталық 103 балаға қызмет көрсетеді. Алматыдағы орталық – Болат Өтемұратов қорының қаражатына салынған «Асыл Мирас» желісінің жалғыз орталығы. Қалған он орталықты мемлекет қаржыландырады, алайда қор мамандарға әдістемелік толықтыруды және жыл сайын оқытуды қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр», – дейді «Асыл Мирас» аутизм орталығының басшысы.
Қазіргі уақытта әрбір «Асыл Мирас» орталығында жеке диагностикалық қызмет жұмыс істейді. Диагностика ADOS-2 протоколы бойынша жүзеге асырылады және оның ішінде баланы бақылау да, ата-аналарды немесе қамқоршыларды тексеру де қамтылған. Орталық диагностика нәтижелері бойынша баланы арнайы алты бағдарламаның біріне жібереді.

Taulik.kz

Loading...