logo
search
menu

2GIS енді App Store-да жоқ: оны кім және неге өшірді?

2GIS енді App Store-да жоқ: оны кім және неге өшірді?
24 қыркүйек, 2022
2GIS енді App Store-да жоқ: оны кім және неге өшірді?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    2GIS қосымшасы енді пайдаланушылар үшін қолжетімді емес. Бірақ бұған дейін телефонға орнатылған қосымшалар жұмысын жалғастыра береді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
    «2GIS App Store-дан алып тасталды, алайда бұған дейін телефонға орнатылған қосымшалар жұмысын жалғастырады. Деректер күн сайын жаңартылып, бұрынғыдай кез келген қаланы қосымшадан жүктеуге болады», - делінген хабарламада.
    2GIS iPhone пайдаланушыларына қосымшаны кетірмеуге кеңес берді. Алайда смартфонды ауыстырған жағдайда оның белгішесін жұмыс үстеліне орнатып, сайтты пайдалануға болатыны айтылды. Қосымша акцияларының 72%-ы Сбербанкке тиесілі екені белгілі. Ол осы жылдың сәуір айында Американың санкциялар тізіміне енгізілгеннен кейін, оның банктік қосымшасы App Store және Google Play дүкендерінен жоғалып кеткен болатын.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы