logo
search
menu

«Ресей әскері тығырыққа тірелді»: Путин ядролық қару туралы не айтты?

«Ресей әскері тығырыққа тірелді»: Путин ядролық қару туралы не айтты?
24 қыркүйек, 2022
«Ресей әскері тығырыққа тірелді»: Путин ядролық қару туралы не айтты?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі Жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель ВВС-ге берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путиннің мобилизациялау туралы үндеуінде айтқан ойларына салмақты көзқараспен қарауға шақырды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
    «Қазір – өте қауіпті сәт. Өйткені Ресей әскері тығырыққа тірелді, ал Путиннің ядролық қаруға қатысты айтқаны жағымды жаңалық емес», – деді Боррель.
    Оның айтуынша, Ресеймен соғысты аяқтау туралы дипломатиялық келісімге қол жеткізу маңызды. Әрине, егер Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығы сақталса ғана.
    «Әйтпесе, соғыс аяқталады, алайда бейбіт түрде емес. Сондай-ақ тағы бір соғыс басталады», – деді ол.
    Айта кетейік, сәрсенбі күні Путин Ресейдің аумақтық тұтастығын сақтап қалу үшін қолда бар барлық құралдарды қолдануға дайын екенін айтты.
    «Бұл өтірік әңгіме емес», – деді Путин үндеуінде.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы