«Әскери және қызметтік борышын атқару кезіндегі жанқиярлығы және төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысқан 20 адам «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 48 азаматқа алғыс жариялады», - делінген хабарламада.Әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін наградталсын: Ахметқалиев Сұлтан Сәкенұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; Әбуқалық Азат Рысқалиұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі; Әкім Алдияр Ермекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі; Бағытжанов Нұрсұлтан Жұмашұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №23 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; Базаров Ержан Оралханұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі; Байбөгенов Аслан Тәуекелұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №15 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; Бауэр Алексей Александрович – волонтер; Боромбаев Айдос Сағынайұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №21 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі; Ержанов Айбек Ахметбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі; Жапаров Самат Таласпайұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; Жолдасов Нұрсұлтан Өмірсерікұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі; Қайыров Қуанышбек Жұмабайұлы – Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5510 әскери бөлімінің сержанты; Махамбетов Алмат Арыстанбекұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №18 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі; Мусин Абай Боранбайұлы – Ішкі істер министрлігінің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының старшинасы; Рахин Ербол Қайырбайұлы – волонтер; Төлеухан Әнуар Жанатұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; Флейтлинг Александр Аликович – Қорғаныс министрлігінің 31775 әскери бөлімінің материалдық-техникалық ротасының трактор жүргізушісі; Хасенов Мұрат Қалиханұлы – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ өрт сөндіру пойызының бастығы; Шайсұлтанов Медет Еркінұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі; Щурихин Максим Сергеевич – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Taulik.kz