«Оқиға сағат 09.35-те болды. Рүстем Садықов 10 км қашықтықты жүгіріп өтті. Тіркеу кезінде 8743 нөмірін алды», - дейді «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Олар марқұмның денесін Астанаға жеткізуге қаржылай көмек көрсететін болды. Айта кетейік, бүгін Алматыда өткен марафонға Қазақстаннан, сондай-ақ 30-дан астам елден, соның ішінде АҚШ, Оңтүстік Корея, Кения, Германия, Испания, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден 15 жастан асқан 12 мыңға жуық әуесқой спортшы қатысты.
Taulik.kz