logo
search
menu

Алматыдағы марафонда қаза тапқан «Самұрық Энергоның» директоры екені анықталды

Алматыдағы марафонда қаза тапқан «Самұрық Энергоның» директоры екені анықталды
25 қыркүйек, 2022
Алматыдағы марафонда қаза тапқан «Самұрық Энергоның» директоры екені анықталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    «Самұрық-Қазына» қоры бүгін Алматыдағы марафонда қаза тапқан «Самұрық Энерго» мен «QazaqGaz» компанияларының тәуелсіз директоры Рүстем Садықов екенін растады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
    «Рүстем Ғалымұлының еңбек жолы табысты болды. Ол жоғары білімді, кәсіпқой, халықаралық компанияларда жұмыс тәжірибесі бар маман еді. Әріптестерінің есінде өзіне сенетін көшбасшы және адал қызметкер болып мәңгі сақталмақ. Жоқтығының білінетіні анық», - делінген қордың хабарламасында.
    Айта кетейік, Садықов Алматы марафонына қатысушы, ол 10 км жүгіріп, мәреге жеткеннен кейін бірден құлаған. Оны шамамен 30 минут реанимациялауға тырысқанымен, 47 жастағы Садықов көз жұмды.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы