«Дикий Арманның» досы, Тұрсынбаеваның күйеуі «бостандыққа» шықты

«Дикий Арманның» досы, Тұрсынбаеваның күйеуі «бостандыққа» шықты

ашық дереккөзі

Дикий Арманның досы әрі Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі, қылмыс әлемінде «Нойс» лақап атымен танымал Нұржан Иманәлиев қалыпты өміріне қайта оралды деп хабарлайды Taulik.kz exk.kz сайтына сілтеме жасап.  Естеріңізге сала кетсек, «Дикий Арманның» ең жақын серіктестерінің бірі Нұржан Иманәлиевтің Түркияда қамалғаны жайлы ғаламторда ақпарат тараған еді. Бірақ оны ешкім растамағанымен, Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі біраз уақыт жұрт назарына ілікпеді. Көптен бері көпшілікке көрінбеген Нұржан Иманәлиев пен Айнұр Тұрсынбаеваның бірге жүрген видеосы тарады. Аталған бейнежазбада қылмыс әлемінің серкесін ең жақын достары отшашумен қарсы алып, көңіл кешті атап өткенін аңғаруға болады. Өз ортасына оралған Нұржан Иманәлиев пен Айнұр Тұрсынбаеваның сауық кешіне өнердегі достары да жиналған.

Taulik.kz

Loading...