Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс одақтас елдер Ресей президенті Владимир Путиннің қоқан-лоққыларына құлақ аспай, Украинаны қолдауды жалғастыруы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.
Өткен аптада Нью-Йоркте президент Джо Байденмен және Франция көшбасшысы Эммануэль Макронмен премьер-министр ретіндегі алғашқы шетелдік сапарында кездескен Трасс демократиялық елдерді «автократиялық режимдерге» қарсы тұруға шақырды.
Мобилизация – Путиннің ұрыс даласындағы сәтсіздікке берген бұрыс жауабы, деді Трасс. Ал оның ойынша, Украинадағы соғыстың өршуі – стратегиялық қателік.
«Менің ойымша, ол еркін әлемнің соншалықты күшті реакциясын күткен жоқ», - деді Трасс жексенбіде CNN-ге берген сұхбатында.
«Біз оның қылыштайғып жеткізетін, бірақ жалған қорқытуларына құлақ аспауымыз керек. Керісінше, біз Ресейге қарсы санкциялар салуды жалғастырып, украиндарға қолдау көрсетуді дамытуымыз керек».
Осы айдың басында премьер-министр болған Трасс Ресей мен Қытайға қатаң көзқарас танытты.
Ол сондай-ақ, АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы «ерекше қарым-қатынасқа» әрқашан сенетінін атап өтті.
Taulik.kz