Грузия бүгіннен бастап ресейліктер үшін шекарасын жабуы мүмкін

Грузия бүгіннен бастап ресейліктер үшін шекарасын жабуы мүмкін

ашық дереккөзі

Грузияның «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясының мүшесі Нона Мамулашвили Грузия билігі 26 қыркүйектен бастап Ресей азаматтары үшін шекараны жабуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты   «Коммерсантъ» басылымына сілтеме жасап. «Грузия үкіметі әзірге Грузияға ресейліктердің жаппай ағылуын тоқтату үшін ештеңе жасаған жоқ. Олардың сөзінше, дүйсенбі күні шекаралар жабылады. Бізге солай деді.  Қазіргі таңда  қолдан келетін жалғыз нәрсе осы», - деді Мамулашвили. Ол бірінші кезекте 18 бен 55 жас аралығындағы ер азаматтарға шекарадан өтуге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты. Ал «Жаңа-Грузия» басылымы «Грузия дүйсенбі күні яғни, 26 қыркүйектен бастап Ресеймен шекарасын жабады», -  деген  ресми ақпарат жоқ деп мәлімдеді.  Елдің Қаржы министрлігінің кірістер қызметі Ресеймен шекарадағы өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаған.                                                                                                                                                                                         Taulik.kz

Loading...