Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды

ашық дереккөзі

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыұлы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіптілігі орташа колонияда өтейді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды "Қазақтелекомнан" 12,7 млрд теңге, "Қазақстан теміржолы" компаниясына тиесілі "Көлік сервисі орталығынан" 28,6 млрд теңге жымқырған деп айыпталған. Прокурор Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Бұдан бөлек Сатыбалды "салықтан және кеден төлемдерінен жалтарды", "қылмыстық жолмен тапқан табысын заңдастырды" деген күдікпен де тергеліп жатыр. Ол Forbes Kazakhstan есебі бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің тізіміне кірген. Оның әйелі Гүлмира Сатыбалды да "бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды" деген айыппен қамауға алынған.                                                                                                                                                      Taulik.kz

Loading...