Шымкентте 1 аптада 3670 қылмыс тіркелген

Шымкентте 1 аптада 3670 қылмыс тіркелген

ашық дереккөзі

Шымкентте 1 апта ішінде «102» байланыс номеріне 8063 әр түрлі сипаттағы қоңырау түскен. Соның ішінде 3670-і Полиция департаментіне тіркеуге алынды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тексеріс барысында бейнебақылау камераларының көмегімен 17 қылмыс ашылған. Атап айтар болсақ, 12 ұрлық, 1 автокөлікті заңсыз айдап кету, 4 ұсақ түйекті жымқыру фактілері анықталған. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1199 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылған.

Loading...