logo
search
menu

Оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім екі жылға сотталды

Оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім екі жылға сотталды
26 қыркүйек, 2022
Оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім екі жылға сотталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Түркістан облысы Сарыағаш қаласында сот «16 жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынаста болған» жергілікті мектеп мұғалімінің ісі бойынша шешім шығарды. Іс қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігі бойынша тергелді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Сотталушының айтуынша, ол оқушымен отбасы құрған. Сонымен қатар бастапқыда полицияға жүгінген жәбірленушінің анасы мұғалімнің «алдымен зорлағанын, содан кейін қызға үйленгенін» айтып отыр. Ол кезде қыз 15 жаста болған. Оқиғаның болғаны анықталғаннан кейін мектеп директоры мен оның орынбасары, психологтар мен сынып жетекшісі жұмыстан шығарылды. Бірнеше педагог қатаң сөгіс алды.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы