NASA Роскосмоспен қарым-қатынасын үзгісі келмейді

NASA Роскосмоспен қарым-қатынасын үзгісі келмейді

ашық дереккөзі

АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) “Роскосмоспен” жалғасып жатқан кәсіби қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Бұл туралы дүйсенбіде NASA басқаратын ұшу бағдарламасының жетекшісі Кэти Людерс Агенттіктің сайтында таратылатын баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Біз ресейлік әріптестермен кәсіби қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз”, - деді ол Crew-5 миссиясының аясында Crew Dragon кемесінің ұшырылуы алдындағы баспасөз мәслихатында.

Бұл кемеде ресейлік ғарышкер Анна Кикина NASA мен “Роскосмос” арасындағы ұшу бағдарламасы аясында ХҒС-ға барады. Людерстің айтуынша, NASA "қиын геосаяси жағдайға қарамастан, біздің қарым-қатынасымыздағы тұрақтылықты шынымен бағалайды".
NASA өкілдері “Роскосмос” ортақ ұшу бағдарламаларын қолдауды жалғастырады деп үміттенеді, деді ХҒС американдық бағдарламасының жетекшісі Джоэль Монталбано баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, NASA өкілдері 3 қазанға жоспарланған Crew Dragon кемесін ұшыруға дайындық кезінде Роскосмостың бас директоры Юрий Борисовпен келісуге мүмкіндік алды. Монталбано Ресей мемлекеттік корпорациясының басшысы "Роскосмостың” барлық халықаралық міндеттемелерін орындауға", сондай-ақ "ортақ ұшу бағдарламаларын қолдауға дайын" екенін хабарлағанын жеткізді.
"Жалпы, Роскосмос осы миссияға дайындық барысында үлкен қолдау көрсетті. Алдағы уақытта да ресейлік әріптестерден қолдау күтеміз", — деп қорытындылады ХҒС американдық бағдарламасының жетекшісі.

Taulik.kz

Loading...