Бізге ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі маңызды - СМАЙЫЛОВ

Бізге ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі маңызды - СМАЙЫЛОВ

ашық дереккөзі

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов кеше көші-қон мәселесіне қатысты жиында айтқан сөздерін қоғам дұрыс түсінбей қалды деп мәлімдеді. Бұл туралы ол өз facebook парақшасында жариялады.  

Кеше Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиналыстағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар. Осыған орай айтайын дегенім шетел азаматтарына қызмет заң аясында ғана көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз қажет. Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік. Сонымен бірге арендалық тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтарымыз қиын жағдайға тап болып отыр. Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет. Оны біз кеше айттық. Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін приоритет. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармау керек. Ал, көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады, деді ол өз жазбасында.

Taulik.kz

 

Loading...