Заңгер әрі адвокат Шыңғыс Сейфулла пәтер жалдап жүрген жандарға заң тұрғысынан бірнеше фактілерді атап, құқықтарын аяқ асты етпеулерін өтінді, деп хабарлайды Taulik.kz.
ҚР Азаматтық кодексінің 546-бабы бойынша: жалдау құны жылына бір реттен жиі емес және орталықтандырылып белгіленген бағалар мен тарифтер өзгерген жағдайда өзгеруі мүмкін!!!
Яғни, жалдау құнын өсіруіне дәлелді және заңды себептер болуы керек.
Екіншіден, жалдау құнын өсірудің заңмен қатаң бекітілген тәртібі бар. Келесі айдан бастап жалдау құны өседі, әйтпесе пәтерді босатындар - деген әңгіме заңсыз.
Пәтер иесі сізге жалдау құнын өсіру туралы жазбаша хабарлама жіберуі керек. Онда ол дәлелді себептер келтіруі тиіс. Мәселен, мынадай: инфляция, тарифтердің өсуі және т.б…
Сіз оның талабымен келіспеген жағдайда, араларыңыздағы дау тек сот арқылы шешіледі. Полицияда, прокуратурада емес, сотта!!!
Ал сотта ресейліктерден пайда тауып қалайын деген едім,- деп айта алмайтыны анық.
Ертең заттарынмен бірге шығарып тастаймын,- деген бос сөздердерді көніліңізге алмаңыз.
Баса-көктеп кіріп, күштеп шығармақшы болса 102-ні шақырыңыз. Егер райынан қайтпаса, Қылмыстық кодекстің 389-бабымен арыз жазыңыз. Полиция қызметкерлеріне келісімшартты, жалдау ақысын төлеу туралы түбіртектердің көшірмелерін беріңіз.
Сондықтан, еңсенізді көтеріп, өз құқықтарыңызды аяқ асты етпеңіздер!!!