Ресейліктердің келуіне байланысты қазақстандықтар жұмыссыз қалмайды, деп мәлімдеді Тамара Дүйсенова.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келген ресейліктер Қазақстанның еңбек нарығына айтарлықтай әсер ете алмайтынын айтып, қазақстандықтарды жұбатты.
Қазір Қазақстанда 8,7 миллион жұмыс істейтін азамат бар. Биылғы жылға шетелдік квота 28 мың адам көлемінде беріліп, оның 15 мың орыны ғана бекітілді.
Республикада барлығы 31 мыңнан астам ресейліктер жұмыс істейді, оның алты мыңнан астамы жұмысқа орналасу мақсатын көрсетті.
Taulik.kz