logo
search
menu
Ресейліктерге Грузия шекарасынан жаяу өтуге рұқсат берілді
ашық дереккөзі

Ресейліктерге Грузия шекарасынан жаяу өтуге рұқсат берілді

Ресейліктерге Грузия шекарасынан жаяу өтуге рұқсат берілді Ресей азаматтарына Грузияның  Ларс кедендік бақылау бекетінен жаяу өтуге рұқсат берілді. Негізгі басымдылық әйелдер мен балаларға беріледі. Бұл туралы Baza Telegram арнасы хабарлады. Шешім Ресей президенті Владимир Путиннің 21 қыркүйекте «ішінара мобилизация» жүргізу жөніндегі жарлығынан кейін  қашқан ресейліктердің көптігіне байланысты қабылданды.  Ресми түрде Ларс өткізу пункті  жаяу жүргіншілерге арналмаған. Алайда, кептелісте күту уақытын қысқарту үшін осындай шешім қабылданған. Айта кетейік, соңғы 1 аптада Грузия-Ресей шекарасынан 115 мың адам өткен.                                                                                                                                                      Taulik.kz