logo
search
menu
Түркияда полиция бөлімшесіне террорлық шабуыл жасалды
ашық дереккөзі

Түркияда полиция бөлімшесіне террорлық шабуыл жасалды

Түркияда полиция бөлімшесіне террорлық шабуыл жасалды Мерсиннің Мезитли ауданында Тече полиция бөлімшесінде теракт болды. Жарылыс салдарынан 1 полицей қаза тапты, тағы 5 адам жараланды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Кеше түнгі сағат 22:45 шамасында Түркияның Мерсин қаласындағы Мезитли ауданындағы полиция бөлімшесіне 2 әйел террорлық шабуыл жасаған.  Жарылыс салдарынан 1 полиция қызметкері қаза тапқан, тағы 5 адам жараланған. Шабуыл жасаған 2 террористің көзі жойылды. Тергеу барысында террористердің бірінің жеке басы анықталды. Ол  Зозан Толан деп аталатын Дилшах Эркан екені белгілі болды.                                                                                                                                                     Taulik.kz