Ресейден қашып келгендерге көл болудамыз, өз қандастарымызға келгенде шөл боламыз – Дәурен Қуат

Ресейден қашып келгендерге көл болудамыз, өз қандастарымызға келгенде шөл боламыз – Дәурен Қуат

ашық дереккөзі

Жазушы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат өзінің  «Facebook» әлеуметтік желісінде мобилизация, ел мен жер, ұлттық мүдделерге қатысты мәселе көтерді. Жазушы өз жазбасында: «Қазақстанның теміржол вокзалдарында Ресейден қашып, босып келіп жатқандардың алдынан ыстық бауырсақ пен буы бұрқыраған ыстық шай алып шығып қарсы алушылар көбейіпті. Не деген қонақжайлылық, неткен дархандық десеңші?!. Осылар осы істерімен ҚР құық бұзушылық әкімшілік кодексіне қарсы әрекет жасап жүргендерін біле ме екен өзі?» - деп жазды жазушы. Сонымен қатар, мобилизациядан қашқандар мен алыстан атажұртын аңсап келетін қандастар жағдайын салыстырып, азаматтық ұстанымын жеткізді: «Ойға түседі. Өзбекстаннан, Қытай мен Моңғолиядан, Ираннан қанша қазақ заңды түрде көшіп келді. Солардың алдынан құшағын жайып, аңқылдап шыққан қазақ, иә, елімізде жасайтын өзге ұлт өкілі болды ма? Қандастарымыз жүр Қазақстанның «жеті басты» айдаһарлары күзететін кеңселерге кіре алмай, кірсе, шаруасын бітіре алмай. Ау, дархан жүректі, аса қонақжай халқым! Өзгеге көл болып, өзіңе келгенде неге шөл бола қаласың? Әлде құлдығың ойыңа оралып, құрдай жорғалатып жібере ме сені? Солай сияқты...» - деп нақтылады автор.                                                                                                                                                        Taulik.kz  

Loading...