logo
search
menu

Есірткі курьері болып жұмыс істеген 19 жастағы студент ұсталды

Есірткі курьері болып жұмыс істеген 19 жастағы студент ұсталды
27 қыркүйек, 2022
Есірткі курьері болып жұмыс істеген 19 жастағы студент ұсталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды жүріп жатыр. Кезекті  шара барысында есірткі заттарын таратумен айналысқан   бір студент анықталып, ұсталды. Оның жасы – 19-да, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Белгілі болғандай, ол оңай ақша табу мақсатында әлеуметтік желі арқылы есірткі курьері болып жұмысқа тұрып, қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын сақтап, тасымалдап, жасырын орындарға тығып келген. Кезекті шығуы барысында жас жігіт полиция қызметкерлерімен ұсталып, қалтасынан 9 дана сары және жасыл түстегі орамаларға оралған есірткі заттары тәркіленген. Сонымен қатар, жасырын орындарға тығып үлгерген жерден тағы қосымша 1 дана есірткі заты алынды. Сұрастыру барысында, ол аталған есірткі заттарын қаладағы 3 шағынаудан аумағына жасыруға бара жатқанын айтып көрсеткен. Сараптама қорытындысына сай, тәркіленген заттар 5 грамм синтетикалық есірткі екені нақтыланды. Бүгінде аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.                                                                                                                                                 Taulik.kz
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы