Мәзір
27 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Әйелдерді ұрып-соқты: дағыстандықтар мобилизацияға қарсы митингке шығып, соңы дауға айналды

Әйелдерді ұрып-соқты: дағыстандықтар мобилизацияға қарсы митингке шығып, соңы дауға айналды

Әйелдерді ұрып-соқты: дағыстандықтар мобилизацияға қарсы митингке шығып, соңы дауға айналды Әйелдерді ұрып-соқты: дағыстандықтар мобилизацияға қарсы митингке шығып, соңы дауға айналды
ашық дереккөзі

Мобилизация жарияланғаннан кейін Дағыстанда бірден тұрғындар арасында наразылық басталды. 22 қыркүйекте Бабаюрт ауылының тұрғындары федералды тас жолды жауып тастады. Жергілікті әскери комиссариатқа келіп, Ресей-Украина арасындағы соғысқа ер әскерге жарамды ер азаматтарды алып кетуге қарсы шықты. Бұл туралы Taulik.kz хабарлайды. 

25 қыркүйекте Эндирейдің Хасавюрт ауылында қарулы әрекет орын алды: жүздеген жергілікті тұрғындар Махачкала-Хасавюрт жолын жауып тастады. Полиция оларды тарату үшін аспанға оқ жаудырды.

Дәл осы күні наразы халық соғысқа қарсы митингке Махачкаланың қала күнін атап өткен жерге жаппай жиналды. Жиналған қауым “Соғысқа жол жоқ”, “Біз бейбітшілік жағындамыз” деп ұрандатты.

Көбіне әйелдер наразылық білдірді. Ер адамдардың арасынан да біршама төбе көрсеткендері болды. Алайда, оларды көп ұзамай жергілікті полиция қызметкерлері ұстап алды, наразылық білдірушілер оларды ұрып-соғуға тырысты. Анығын айтқанда, шерушілер мен полиция арасында қақтығыс орын алды.

Видеолардың бірінде полиция қызметкерінің митингте ұсталған адамды ұрып-соғып, жауап алған сәті түсірілген.

Медиазона агенттігіне хабарлауынша, полиция наразылық білдірушілерге бұрыш спрейін шашып, оларды электр тоғымен жарақаттаған.

 width=

Зухра. “Бізбен бірге 16 жастағы жасөспірім де болды. Әкесі Украинадан оралған”.

Мен полицейлер тобының жігіттерге қалай шабуыл жасағанын көрдім. Негізінен олар қашып бара жатқан жігіттерге ұрынып, тіпті көпшілік арасынан әр көзіне көрінген 5-6 адамды шығарып, сес көрсетті. Мені де ұстап әкетті.

Менімен бірге ұсталған ер адамдар отырған көлікке мінгізді. Оларды енді еш аямаған... Соққыға жыққан. Маған қыз болғаныңа қуан деп қояды. Әйтпесе, “екінші қабаты одан да бетер” деген.

Арамызда Қазандық турист бар, коптері де бар еді. Оны бөлек бөлмеге алып кетті. Демалуға келгенін айтып, қанша ақталса да мұнысы бос сөз дейді. Барлық у-шуды  ұйымдастырған деп осы туристтен көріп отыр...

Расул. “Телефондарыңды беріңдер”. Бермесек электрошокермен жарақаттайтын еді...

Не болатынын біліп тұрдым. Бірақ алаңға әдейі бармадым, жай қызық болды. Шамамен, 250 адамдай жиналған едік.

Мен сағат 5-5:30 аралығында келдім. Митинг соңы сұмдық боп жатқан кез еді. Полицейлер әйелдерді ұрып, тұншықтырып жатқан еді... Оны көрген ер адамдар полицейлердің өздеріне қарсы шабуыл жасады.

Дәл осы кезде атыс басталды. Адамдарды тарату үшін аспанға оқ атып, біраз әбігерге салды.

Барлығымызды бөлімшеге алып кетті. Телефондарымызды жинап алғысы келді. Бермейміз деп қарсылассақ, бұрыш спрейімен “көзімізден қара қан ағызып”, электрошокермен жарақаттады.

Негізі, жалғыз мен емес барлығы мобилизацияға қарсы. Әскер қатарында болсам да, соғыс алаңына барғым келмейді.

Ұсталғандардае жауап алынды. “Соғысқа дайынсыңдар ма, қағаздарың келсе кетесіңдер ме?”,- деп тікелей сұрады. Сасқанымыздан “иә” дедік. Кейбірі қарсы шығып жатты.

Бірақ бәрі бекер еді... Көбіне қылмыстық іс қозғалды, арасында 17 жастағы жасөспірім бар...

Taulik.kz

Апта талқысында: