Мәзір
27 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Дәл қазір Ресей мен Қазақстан шекарасында не болып жатыр, куәгерлер не дейді?

Дәл қазір Ресей мен Қазақстан шекарасында не болып жатыр, куәгерлер не дейді?

Дәл қазір Ресей мен Қазақстан шекарасында не болып жатыр, куәгерлер не дейді? Дәл қазір Ресей мен Қазақстан шекарасында не болып жатыр, куәгерлер не дейді?
ашық дереккөзі
Ресейден Қазақсатанға ағылып  жатқандардың қарасы көп. Олардың легі әлі тоқтайтын емес. Ақшасы барлар ұшақпен шет ел асса, қалтасы көтермейтіндер жеңіл көліктермен шекараны асуға тырысып жатыр. Соның бірі Ресейдің Карелия қаласынан келген тұрғын (аты-жөні белгізіс): «Біз өзіміз Карелия қаласынанбыз. Әуе билеттерінің бағасы күрт қымбаттады. Біз  әуелі Мәскеу арқылы пойызбен Саратов қаласына  келді. Мұндағылар шекараға жеткізіп тастау үшін адам басына  5-10 мың сұрауда. Содан біз 8 000-ға «Яндекс-таксиге» тапсырыс бердік, қасымызға тағы екі адам таптық. Жүргізуші бізге шекараға дейін  бәрібір жете алмайсыңдар деді. Десе де біз шекараға жеттік. Бірақ мұнда ұзын-сонар көліктер қатары тұр. Шамамен жеті шақырымдай жерді алып жатыр.  Көліктер бес қатарда орналасқан, аралары бір-бірлеріне өте жақын. Шекараға жақын  бір-екі шақырым жерде арнайы белгі тұр. Ол белгіге көліктер жақындағанда бір жолақпен жүрулері тиіс. Қозғалыс өте баяу. Біз автобуспен келе жатырмыз. Бұл автобус шамамен  50 сағаттан артық жүріп келе жатыр. Біз  15 сағаттан бері осы автобустамыз. Жаяу жүруге рұқсат жоқ. Қазақ нөмірлері бар көліктерге де жол берілмейді. Көліктерде орынды ақшаға сатады.  100 мың 50 мың  сұрайды орын үшін. Жүргізушіге 50 мың немесе  100 мың бересің, сосын ол сені шекараға қарай жеткізеді. Біз автобустағы орнымызды 10 мыңға алдық. Біздің жолымыз болды.  Шекараға дейін бір шақырым, мүмкін екі шақырым бар...Арасында жүк көліктерін өткізіп жібереміз.  Мұнда су мен бәліштер де сатылып жатыр. Негізінен арзан. Су - 50 рубль, бәліш  -100 рубль.  Біз бәліш сатып алмаймыз, бізде тамақ бар. Тек су сатып аламыз. Шекараға жету үшін 3-4 күн жол жүріп келгендер де бар, біздің мұнда келгенімізге екі күн болды. Осы уақыт ішінде  адамдардың саны күрт артты», - дейді ресейлік куәгер.                                                                                                                                                           Taulik.kz  

Апта талқысында: