Мәзір
27 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Самса 160 теңге»: Мәжіліс асханасындағы баға мектептегіден екі есе төмен бе?

«Самса 160 теңге»: Мәжіліс асханасындағы баға мектептегіден екі есе төмен бе?

«Самса 160 теңге»: Мәжіліс асханасындағы баға мектептегіден екі есе төмен бе? «Самса 160 теңге»: Мәжіліс асханасындағы баға мектептегіден екі есе төмен бе?
ашық дереккөзі
Парламент депутаттарының асханасындағы бағаға инфляция әсер еткен жоқ. Баға 2018 жылдағыдай төмен. Бұл жолы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мәжілістің асханасында болып, түрлі тағамдардың құнын жария етті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты orda.kz-ке сілтеме жасап. Журналисті мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметова асханаға апарды. Ол мұнда әріптестерімен бірге шай немесе тамақ ішуге келетінін айтты. Самса 160 теңге, круассан 150 теңге, картоп 160 теңге, сэндвич 250 теңге, гамбургер 500 теңге тұрады. Ләйлә Сұлтанқызы буфет қызметкерінен мұндағы баға басқа жерлерге қарағанда арзан ба деп сұрағанда, ол басын изеген. Бұл ақпарат жарияланғаннан кейін әлеуметтік желідегі қазақстандықтар депутаттар асханасы мен мектеп асханасындағы бағаны салыстырып, ашуға бой алдырды. https://www.youtube.com/watch?v=qW1b0FSobqg

Taulik.kz

Апта талқысында: