Мәзір
27 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Соғысқа қатысқан украиналықтар Ресей әскерінің зұлымдықтарын айтып берді

Соғысқа қатысқан украиналықтар Ресей әскерінің зұлымдықтарын айтып берді

Соғысқа қатысқан украиналықтар Ресей әскерінің зұлымдықтарын айтып берді Соғысқа қатысқан украиналықтар Ресей әскерінің зұлымдықтарын айтып берді
ашық дереккөзі
Жақында мемлекеттік департамент өкілдерімен және Конгресс мүшелерімен кездескен украиналықтар Ресейдің Украинамен соғыс кезінде жасаған әскери қылмыстарына куә болғанын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. БҰҰ тергеушілері 2022 жылдың ақпан айында Украинаға басып кірген Ресей әскерінің Әскери қылмыстар жасағаны туралы дәлелдер бар екенін мәлімдеді. Украинадағы оқиғаларды тергеу жөніндегі тәуелсіз халықаралық комиссия жұма күні БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне жасаған қорытындыларын ұсынды.
«Ресей әскері тыйым салынған құралдарды, соның ішінде кассета оқ-дәрілері мен фосфор бомбаларын пайдаланады. Ал бұған бүкіл өркениетті әлем тыйым салған», – деді Украина Қарулы күштерінің аға сержанты Дарья Зубенко.
«Біз әйелдердің, тіпті, балалардың зорланғаны туралы фактілерді білеміз», – деді ол. Ал Ресей Украинадағы соғыс кезінде қиянат жасағандары туралы айыптарды бірнеше рет жоққа шығарды. Өткен аптаның өзінде Ресей президенті Владимир Путин Ресей қарулы күштері айтарлықтай шығынға ұшыраған кезеңде әскери қабілетті бейбіт тұрғындарды әскерге шақырып, әскер санын көбейту үшін мобилизация жариялады.
«Ал біз қорықпаймыз», – деді украиналық әскери дәрігер және дрон операторы Ярина Чорногуз.
Оның айтуынша, АҚШ-тың әскери көмегінің арқасында Украинаның қарсы шабуылы сәтті өтеді.
«Жаңа қарудың арқасында жеңіске жетеміз деп сенеміз», – деп қосты ол.

Taulik.kz

Апта талқысында: