“Балабақша таза емес, сол үшін балам тікелей ішек инфекциясымен ауырып қалды, үнемі құсады. Дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілді. Балам балабақшадан келгенде, жастығынан тарақандар шыққанын айтады” – дейді ата-аналардың бірі.Мекеме басшылығы тарақандар мәселесін жоққа шығарған жоқ. Директор екі айдың ішінде оны шешіп үлгермегенін айтады.
“Мен бұл лауазымға екі ай бұрын тағайындалдым. Бұл мәселе туралы хабардармыз және оны шешуге шаралар қолданамыз. Бүгін санитарлық-эпидемиологиялық станцияға хабарлаймыз. Бірте-бірте жөндеу жұмыстарын істеп, жаңартамыз” – деп түсіндірді балабақша директоры Гүлбану Қожабергенова.
Taulik.kz