Мерейлі күн: Бүгін - Оралхан Бөкейдің туған күні

Мерейлі күн: Бүгін - Оралхан Бөкейдің туған күні

ашық дереккөзі

Бүгін қазақ әдебиетінің ұлы жазушысы Оралхан Бөкейдің туған күні. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өз facebook парақшасында жүрекжарды тілегімен жеткізді.

Бүгін қазақ сөз өнері мен ұлттық баспасөздің мерейлі күні! Өйткені бүгін сөз сардары, заңғар жазушы, кемеңгер Мұхтар Әуезовтің, шындықтың шырақшысы, намыстың найзағайы Шерxан Мұртазаның және Шерағаңды жалғыз ұстазы санап, ағасына "төменге қараңызшы, мен көрінемін бе екен?", - деп еркелеген көркем сөздің зергері, Алтайдың Кербұғысы Оралxан Бөкейдің туған күні!
Қаршадайынан қазақ елінің қабырғалы қаламгері атанып, қалам ұстаған күнінен жұртының мұңын жоқтаған, данышпан Абайдың нәрімен бесігінде тербеліп, жас науша кезінен замана сазы мен әлемдік әдеби-мәдени сабақтастықты жүйелі игеріп, адамзаттың айтулы ақыл-ой алыбына айналған Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы - қазақ қарасөзінің мерейлі белесі! Сол сияқты Алаш қайраткерлерін үлгі тұтып, батыр Бауыржанның соңынан еріп, арайлы азаттыққа қызмет етіп, өзі де баспасөздің баһадүрі атанып, бас редакторлардың ұлағатты ұстазына айналған, артына мол мұра қалдырған Шер-ағаң бүгін тоқсанның төріне шығар еді.
Артына өлмейтін сөз қалдырған ұлылардың ұлағаты бізге асқар таудай биік болып көрінеді... Мерейтойлары құтты, жатқан жерлері жарық болсын!,- деп аяқтады министр өз жазбасын.

Loading...