Taulik.kz
Олимпиададан антикорға дейін: қазақстандық боксшы маңызды қызметке орналасты
Олимпиададан антикорға дейін: қазақстандық боксшы маңызды қызметке орналасты
28 қыркүйек, 2022

Мазмұны
Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Taulik.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру, сондай-ақ Агенттікті құқық қорғау органдарында танымал ету міндеті қойылады.
Василий Левит 1988 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, білімі жоғары.
ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы (2009, 2015, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2019, 2021), бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
Ел дамуына қосқан үлесі үшін 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы