logo
search
menu

Асхат Аймағамбетов: Ұстаздарға атаққұмар болудың қажеті жоқ

Асхат Аймағамбетов: Ұстаздарға атаққұмар болудың қажеті жоқ
28 қыркүйек, 2022
Асхат Аймағамбетов: Ұстаздарға атаққұмар болудың қажеті жоқ
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Оқу-ағарту министрі әртүрлі жекеменшік ұйымдар өткізетін ақылы сайыстарға тыйым салуды тапсырды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты informburo.kz сайтына сілтеме жасап. Жекеменшік ұйымдар беретін әртүрлі атақтың ұстаздарға қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл мәселені мектеп директорлары, білім бөлімдері мен бақылау департаментінің өкілдері қолға алуы тиіс, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.  «Қазір оқу жылының басталуына байланысты оқушылар мен ұстаздар арасында ақылы сайыстар өткізуге қатысты сигналдар келіп түсіп жатыр. Оның алдында бұл үрдіс біраз уақытқа тоқтап қалған еді. Мектеп қабырғасында әртүрлі жекеменшік ұйымның ақылы ойынын, сайыстарын өткізу бойынша біздің тапсырмамызды білесіздер. Екіншіден, түрлі ұйым ұстаздарға әртүрлі марапат, медаль, атақ беріп жатыр. Біздің әріптестерге ондай атаққұмарлықтың қажеті жоқ деп ойлаймын», – деді Асхат Аймағамбетов. Десе де, министр ұстаздардың қоғамда белгілі, республикалық деңгейдегі марапаттарды алуына еш қарсылығы жоқ екенін атап өтті.                                                                                                                                                     Taulik.kz
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы