logo
search
menu

Қаламгер Шерхан Мұртазаға Тараз қаласында ескерткіш қойылады

Қаламгер Шерхан Мұртазаға Тараз қаласында ескерткіш қойылады
28 қыркүйек, 2022
Қаламгер Шерхан Мұртазаға Тараз қаласында ескерткіш қойылады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Бүгін халық жазушысының өмірге келгеніне 90 жыл толды. Тараз қаласында жазушы Шерхан Мұртазаға ескерткіш қойылады, деп хабарлайды Taulik.kz  сайты Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Ескерткіш Халықаралық Тараз инновациялық институтының алдына орнатылмақ. Бұл орын қала тұрғындарының әлеуметтік желіде айтқан қоғамдық пікірі мен мамандардың пікірі де назарға алына отырып таңдалған. «Талқылау қорытындысы бойынша үш орын белгіленд. Бұл жер "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешенінің аумағында, Шерхан Мұртаза атындағы "Руханият" орталығы ғимаратының дәл алдындағы жер. Екінші нұсқа – Жастар аллеясында және үшінші нұсқа – Жамбыл даңғылы бойындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты ғимаратының алдында. Қорытынды шешім бойынша, ескерткіш Халықаралық Тараз инновациялық институтының алдына орнату таңдалды», – деді "Көне Тараз" қорының төрағасы Мұратбек Әзімов. Ескерткішті алматылық мүсінші Айдос Бүркітбаев әзірлейді.                                                                                                                                                    Taulik.kz
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы