Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
28 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Маңғыстау облысы: 9 мұғалім жалған дипломмен мектепте жұмыс істеген

Маңғыстау облысы: 9 мұғалім жалған дипломмен мектепте жұмыс істеген

Маңғыстау облысы: 9  мұғалім жалған дипломмен мектепте  жұмыс істеген
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында 9 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген. Олардың бірі қылмыстық жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды  Taulik.kz  сайты облыстық прокуратураның баспасөз қызметі  сілтеме жасап. «Мысалы, Қарақия ауданы Аққұдық орта мектебінің еңбек мұғалімі жалған диплом бойынша жұмыс істеген, ол үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385 – бабы 3-бөлігі - "көрінеу жалған құжатты пайдалану"бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қарақия аудандық сотымен бұрынғы мұғалімге 25 АЕК (76 575 теңге) көлемінде айыппұл салынды», – деп хабарлады облыс прокуратурасында. Осыған ұқсас фактілер Ақтау қаласының екі мектебінде (қазақ тілі және қазақ әдебиеті), Жаңаөзен қаласының үш мектебінде (орыс тілі мен бастауыш сынып мұғалімі), Мұнайлы ауданының екі мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі) және Бейнеу ауданының бір мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі) анықталды. Аталған істер  бойынша сотқа дейінгі тергеу  жұмыстары басталды.                                                                                                                                                      Taulik.kz