«Шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздерінің иммигранттары туралы Ішкі істер министрлігіне хабарлауға міндетті. Хабарлама шетелдік келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі. Хабарлама берілмесе, пәтер немесе қонақүй иесіне айыппұл салынады», — делінген үндеуде.Сонымен қатар заңды тұлғаларға айыппұл 10-нан 25 АЕК-ке дейін, қайталап бұзған жағдайда 100 АЕК-ке дейін (306 мың теңге) болатыны ескертілді. Жеке тұлғаларға әуелі ескерту жасалады. Қайталап бұзғаны үшін 30 АЕК (91 890 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Taulik.kz